Ғылымнан ғибрат терген ғалым

26 шiлде, 16:34

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде дәріс беретін «Экология және геология» кафедрасының профессор м.а., PhD Самал Сырлыбекқызы – ғылымнан ғибрат терген жандардың бірі де бірегейі.

Бүгінде аталған оқу ордасының ғылыми кеңесі жас ғалымды еліміздің ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурстың мемлекеттік ғылыми стипендиясына ұсынылып отыр.

Самал Сырлыбекқызы – философия докторы (PhD), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті профессор м.а., «Ғылым және зерттеу басқармасы» басшысы қызметін атқарады.

Ол 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2011 жылы 6М060800-«Экология» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы Каспий теңізі жағалауындағы мұнай өндірілетін аймақтың экологиялық мониторингі» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, ҚР БҒМ БҒССҚК 16.03.16 ж. №257 шешімімен 6D060800 – «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

ҚР БҒМ БҒССҚК 2021 жылғы 14 маусымдағы шешімімен (№488 бұйрық) Экология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Самал Сырлыбекқызы —  «ЖОО үздік оқытушысы-2017» мемлекеттік сыйлығының иегері. 2023 жылы ҚР ҒЖБМ-ң «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Ғылыми қызығушылықтары – Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 150-ден астам ғылыми мақаланың, 2 патенттің авторы. Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 8 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 21 мақаласы жарияланған. Шығармашылық еңбектер – 23 (16 оқу құралы, біреуі ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 7 монография, оның ішінде 1 ағылшын тілінде). Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 2 патент, 17 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.

ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру негізінде  бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және жүргізуде.

Қазақстан Республикасының өнертабысына 2 патент иегері                     (№ 2018/0409.1 19.09.2019 «Теңіз суын тұщыландыру тәсілі және құрылғысы»; № 3510 04.06.2021 «Мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау тәсілі» өнертабысқа патент). Осы патент аясында Каспий теңізінің жағалау аймағында ауылшаруашылық қажеттілігі үшін теңіз суын тұщыту қондырғысы пайдаланылып, «Самал» және «White Road Kazakhstan» шаруа қожалығымен енгізу актісі құрылды.

2018 жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500 кіретін жетекші жоғары оқу орындары Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінде (қараша, 2018) және Ташкент химия-технологиялық институтының ғылыми орталықтары мен зертханаларында «Суды тазартудың жаңа әдістерін, энергия және су үнемдеу технологияларын әзірлеу және қолдану» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті (желтоқсан, 2018). 2010 жылы Әзербайжан мұнай-газ университетінде «Экология» саласы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

2018 ж.  «Yessenov University үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды. 2019 жылы білім мен ғылымды дамытудағы зор үлесі үшін «Шахмардан Есенов» атындағы төс белгісімен марапатталды. 2019 ж. еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен, 2022 ж. «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» медалімен марапатталды. 2013 ж. Маңғыстау облысының «Жастар сыйлығының» «Жас ғалым-2013» номинациясына ие болған оқытушы. «Жас тұлпар-2015» облыстық жастар премиясының «Жас мұғалім-2015» номинациясының иегері.

Самал Сырлыбекқызы қазіргі таңда еліміздің, облысымыздың экология саласында және қоршаған ортасын қорғау, жетілдіру аясында үлкен көлемді ғылыми жұмыстар атқаруда.

ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру негізінде  ғылыми жобаның жауапты ғылыми қызметкері ретінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми қызметкер ретінде 2012-2014 жылдар аралығында Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру негізінде «Научное обоснование комплексного исследования компонентов окружающей среды прибрежной зоны Каспия и техногенных объектов» (мемлекеттік тіркеу № 0112РК02173) тақырыбында  ғылыми жоба орындап, Каспий жағалауындағы мұнай кәсіпорындары орналасқан аудандардың топырақ күйіне электронды карта жасалған. Электронды карта Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен өндіріске енгізу акті жасалып, мемлекеттік экологиялық мониторинг жүргізуде пайдаланылуда. Зерттеулер барысында алынған жаңа мәліметтер Маңғыстау облысының аумағындағы Каспий теңізін қорғау саласында басқарушылық шешімдер қабылдауға  мүмкіндік берді.

Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша ИРН AP08956547 «Каспий теңізінің Маңғыстау қайраңындағы теңіз ағындарының режимін пилоттық зерттеу» тақырыбындағы жобаны жауапты ғылыми қызметкер ретінде сәтті аяқтады. Алғаш рет Каспий теңізі қайраңының Маңғыстау секторы шегінде теңіз жағалауларындағы ағындарды ұзақ мерзімді өлшеу нәтижелері алынды. Теңіз ағындары туралы және ең алдымен, теңіз қайраңдары туралы ақпарат ластанудың тасымалдануын болжау, теңіз көлігінің, балық аулаудың қызметін қамтамасыз ету және басқа да көптеген практикалық міндеттерді шешу үшін облыстық балық шаруашылығы басқармасы және Ақтау Теңіз портымен енгізу актісі жасалып, өндіріске енгізілді.

2022-2024 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған ИРН AP14871988 «Жылу сорғысы негізінде күн-жылу тұщыландыру қондырғысын әзірлеу» тақырыбындағы жобаның ғылыми жетекшісі.

2022-2024 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста аға ғылыми қызметкер ретінде берілген ИРН AP14869522 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жағалау аймағы суларының гидрофизикалық режимі, экологиялық жағдайы және сапасы» тақырыбындағы жобаның жауапты орындаушысы. Жоба аясында РҒА П. Ширшов атындағы Океанология институтының ғалымдарымен бірлесе Каспий теңізін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады.

2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған ИРН AP15473149 «Күн энергиясын қолдана отырып тұзды суларды тұзсыздандыру мәселесін кешенді шешу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.

2023-2025 жж. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған ИРН АР19677917 «»ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жобаның ғылыми қызметкері.

2023-2025 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған ИРН АР19175786 «Спутниковый мониторинг акваторий портов Актау и Курык» және ИРН АР19175489 «Научное обоснование экологических аспектов сохранения биоразнообразия на территории Шетпе-Южного мелового карьера с использованием ГИС-технологий» жобаларының ғылыми кеңесшісі.

2023-2025 жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) негізінде орындалып жатқан «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атластарын әзірлеу» тақырыбындағы бағдарламасының ғылыми қызметкері.

2023-2025 жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) негізінде орындалып жатқан BR21882122 «Устойчивое развитие природно-хозяйственных и социально-экономических систем Западно-Казахстанского региона в контексте зеленого роста: комплексный анализ, концепция, прогнозные оценки и сценарии» тақырыптағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң 8 университетпен бірлесе орындап жатқан Мега жобасының Есенов университеті бойынша ғылыми жетекшісі.

2018 ж. «Каспий теңізінің жағалау аймағында ауылшаруашылық қажеттілігі үшін теңіз суын тұщылату» қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысын орындады (мемлекеттік тіркеу № 0118РКU0425). 2019 ж. «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» (КАПЭ) ЖШС тапсырысымен «Современное состояние прибрежной полосы северо-восточного Каспия в границах Мангистауской области» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді (келісім шарт № 42/19 27.09.2019).

Маңғышлақ түбегі ауданындағы Каспий жағалауының шығыс бөлігін кешенді зерттеу үшін Ресей ғылым академиясының П.П. Ширшов атындағы  экспедициямен бірлесіп  теңіз суының гидрофизикалық, гидрооптикалық, гидрохимиялық және гидробиологиялық зерттеулерін жүргізді («Каспий теңізі – 2018, 2019, 2020-2022» экспедициясы).

Университет жанындағы «6D060800 (8D05201) – Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы. 30 маусым күні 2 докторант қорғап, 19.10 күнгі шешіммен PhD дәрежесін алды. М. Әуезов атындағы ОҚУ 6D073100 «Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды», ҚазҰАЗУ  «6D060800 (8D05201) – Экология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес мүшесі ретінде бірнеше отырыстарға қатысып, ғылыми мамандар дайындауға үлесін қосты.

«Yessenov Science» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясының рецензенті.

Университеттегі зерттеу кеңесінің төраға орынбасары.

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК сараптамалық қызмет көрсету бойынша сарапшы.

Осындай еңбектерінің нәтижесін білім алушыларының жетістіктерінен де көруге болады.   Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын қорғаған. Ғылыми жетекшілігімен 21 магистрант магистр атағына ие болып, қазір 5 PhD докторантқа және 7 магистрантқа ғылыми жетекшілік етуде. 2022 жылдың 09 желтоқсан күні ғылыми жетекшілігімен докторанты Қойбақова Сымбат Еламановна 6D060800-Экология мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алды.

 

 

 

 

 

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала