jasqazaq.kz

Грузия Қазақстанға қарызын өтейді

09 тамыз 2017, 17:24

Грузия 20 жыл бұрын алған мемлекеттік қарызын Қазақстанға төлеуді бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйектің басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызын төлеуді бастайды. 90-шы жылдардың орта кезінде, яғни 20 жыл бұрын 27,5 млн доллар қарызға берген едік. Ол кезде өзімізде қаржы тапшылығы орын алған, жағдай болатын», — деді ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, Грузия қарызды төмен пайыздық мөлшермен төлейтін болады. Бұл тұрғыда Париждік клуб кестесі назарға алынады, яғни аталған клуб дамушы едердің борышын қайта құрылымдаумен айналысатын бейресми үкіметаралық ұйым болып табылады. «2013 жылдың көктемінде аталған елге барған бойда, қарызды қайтартқызу мәселесін төтесінен қойдым. Осы ретте келіссөздер жүрді. Енді қарызды төмен пайызбен Париждік клуб кестесі бойынша төлейді», — деді Е.Ертісбаев.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда