jasqazaq.kz

Головкиннен жеңісті қалай тартып алды? Төрешінің сұхбаты мен толық талдау (видео)

21 қыркүйек 2017, 10:30

YouTube хостингіндегі «Ветеран второразрядник» арнасының авторы Boxingscene.com сайтында жарияланған CompuBox статистикасына және төрешілердің жазбаларына жүгіне отырып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне толық талдау жасады. Боксшылардың барлық соққысын мұқият санап шыққан соң блогер төрешілердің қалайша қазақстандық боксшының пайдасына дауыс бермегені жайлы сауал қояды. «Мен Головкин жеңді деп ойлаймын», — деп айтып өтті ол.

YouTube хостингіндегі Artorias Boxing арнасы да осы жекпе-жекке талдау жасаған. Vesti.kz мәліметінше, арнада жарияланған видеода боксшылардың әр раундта жасаған таза соққылары көрсетілген.

Головкин — Альварес:

1-раунд: 8:8;

2-раунд: 11:8;

3-раунд:10:9;

4-раунд: 16:6;

5-раунд: 17:5;

6-раунд: 15:6;

7-раунд: 15:4;

8-раунд: 21:6;

9-раунд: 13:5;

10-раунд: 25:12;

11-раунд: 13:4;

12-раунд: 17:9.

Осылайша, соққылардың жалпы саны бойынша Головкин 181:82 есебімен жеңіп тұр.

Ал Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес екінші төреші Дон Треллге назар аударуды сұрайды. Дон Трелл 7-раундта «Канелоға» дауыс берген, ал Моретти мен атышулы Аделаида Бердтің өзі бұл раундта дауысты Головкинге берген. Artorias Boxing мәліметіне сүйенетін болсақ, Головкин 7-раундта таза жеңіспен өткізді. Сондай-ақ, Желіде 2013 жылы болған жекпе-жектердің бірі түсірілген видео пайда болды. Онда жеңісті 118-110 есебімен Альвареске берген төреші Аделаида Берд кейінірек өзінің әрекетін түсіндіріп берген.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин — Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Ал кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда