Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты нокаутқа түсірсе армандаған мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегіне қол жеткізе алмайтынын мойындады.
Бұл туралы қазақстандық BoxingScene басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. «Мен Чавес емеспін, «Канело» — Джейкобс емес. Бокс — бұл бизнес. Дэниэлмен жекпе-жекте мықты көрінсем, оны нокаутқа түсірсем, Сауль Альвареспен жекпе-жекке қол жеткізе алмайтын едім. Джейкобс — тамаша боксшы. 12 раундқа созылған кездесуден мол тәжірибе алдым. Мұның алдында ешқашан соңына дейін жұдырықтасып көрмегенмін, тамаша сезімде болдым», — деді Головкин. Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтіп, отандасымыз қазылар алқасының бір ауыздан берген шешімімен жеңімпаз атанған болатын. Головкин карьерасында тұңғыш рет 12 раунд өткізді. «Канело» да 7 мамырда Хулио Сезар Чавеспен өткізген жекпе-жегінде қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Енді Головкин мен Альварес Лас-Вегаста 16 қыркүйекте кездеседі. Көптеген мамандар мұны нағыз «жыл жекпе-жегі» деп атап отыр.