jasqazaq.kz

Головкин ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастады

22 қыркүйек 2017, 12:26

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) (әлемдегі ең мықты боксшылар) ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы күнге дейін Головкин бұл рейтингте екінші болып келген еді, ал бірінші орында америкалық боксшы Андре Уорд тұрған еді. Еске салайық, IBF, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына (79,38 келі салмақта) америкалық боксшы Андре Уорд спорттық мансабын аяқтады. Екінші орында украиналық Василий Ломаченко, ал үшінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді. Головкиннің қарсыласы Сауль «Канело» Альварес төртінші орынға жылжыды.

ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде үздік ондыққа енген боксшылар есімі мынадай:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) — орта;

2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) — екінші жартылай жеңіл;

3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) — бірінші жартылай орта ;

4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) — орта;

5. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) — жартылай орта;

6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО; АҚШ) — жартылай орта;

7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) — екінші жартылай жеңіл;

8. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) — жеңіл;

9. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО; Ресей) — жартылай ауыр;

10. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) — екінші аса жеңіл.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда