jasqazaq.kz

Головкин қартайды және көз алдымызда құлдырап барады — НВО шолушысы

25 қыркүйек 2017, 11:17

HBO телеарнасының шолушысы Джим Лэмплидің ойынша, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 35 жастағы боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасуынан қартайғанның белгілері бар және оның қатарынан 23 боксшыны нокаутқа түсірген бұрынғы GGG еместігін айтты.

17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегаста Головкин Сауль Альвареспен 12 раундтық кездесу өткізіп, жеңімпазды анықтай алмады. Осы жылдың наурыз айында қазақстандық боксшы америкалық Дэниэл Джейкобспен де 12 раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Лэмплидің ойынша, Головкин қыркүйекте өткен жекпе-жекте қолдан келгеннің барлығын істеген, алайда шолушы реванш кездесуінде қазақстандық боксшының «Канелоны» жеңетініне күмән келтіреді. «Канеломен» өткен жекпе-жекті көргеннен кейін Головкиннің көз алдымызда құлдырап бара жатқанын көрдім. Меніңше, ол қартайып жатыр. Мен мұны Джейкобспен өткен кездесуден көрмеген едім, алайда мексикалықпен шыққан кезде анық байқалды. Оның аяқпен жұмысы, қарсыласын тосу, шабуылдап қысым көрсетуі — мұның барлығы жоғалған. Головкин қарсыласының денесіне небәрі сегіз соққы ғана жасады. Мен мұның Головкин сол жекпе-жекте жеңіске жетті деп ойлаған күннің өзінде-ақ айтып отырмын. Жекпе-жектен түйгенім, қазақстандық боксшы мексикалықты реванш кездесуінде жеңетініне күмән келтіремін. Егер ол жеңіске жеткісі келсе мен «жоғалтты» деп айтқанның жартысын қайтарып, басқаша қырынан көрсетуі тиіс», — деді Лэмпли BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы «Канелоның» пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда