jasqazaq.kz

Голос. Дiти: Данэлия Тулешова жеңімпаз атанды

18 желтоқсан 2017, 10:58

10 жастағы алматылық әнші Данэлия Тулешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа жас әншінің баспасөз хатшысы Татьяна Синенко айтты. Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шыққан болатын. Әнші байқаудың финалында «Не твоя война» атты композицияны орындап, көпшілікті тәнті етіп, «Голос. Діти» шоуының төртінші маусымының жеңімпазы болды. Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, Данэлия финал мен суперфиналда жалпы 5 әуен орындаған. Сондай-ақ ол «Елдің бала дауысы» атағын иеленді және оған Disneyland Paris-де саяхатауға жолдама берілді. «Голос» — ол менің бала арманым. Адамдар менің әнімді тыңдаған кезде, көпшілігі маған хат жаза бастады. Сенім білдіргендеріңізге рахмет», — деп қуанышын бөлісті әнші.

Еске сала кетейік, Данэлия Тулешова бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында қазыларды қалай таңқалдырғанын айтып, арнайы сұхбат берген болатын. Жас әншінің Youtube арқылы тараған видеосын 1 млн-нан астам адам көріп үлгерген еді. Данэлия шетелдік өнер сахнасына бірінші рет шығып отырған жоқ. 2015 жылы «Аялаған Астана» халықаралық байқауында — жеңімпаз, «Жаңа толқын» байқауында көрермен көзайымы жүлдесін алған.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды