Германияда Айгүлдің іс-түссіз жоғалуына күйеуі мен енесінің қатысы бар болуы мүмкін

11 маусым, 12:40

Германия полициясы із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелді іздеуге кірісті. Туыстары Айгүлдің жоғалуына оның күйеуі мен енесінің қатысы бар деп есептейді. Күйеуі ұратынын ол құрбыларына айтыпты, — деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қанат Сайлыбаев, А.Сайлыбаеваның інісі: — Оны Айгүлдің құрбыларынан білдім. Өзі солармен сөйлескенде видеобайланыспен басын, төбесінің үстінен өзі көзі жетпей, айнада көре алмағаннан, кейін видеоға көрсетіпті. Сол кезде қыздары көріп сурет жасаған. Көгерген, қызарған жерлері бар. Құлағында, жағында ісіп кеткен жерлер болғанын қыздардан естідім.

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Астанадағы Сарыарқа ауданы сотында судья болып қызмет еткен. Осыдан бес жыл бұрын елдегі банктердің бірінің экс-директорының немересі Александр Донцовқа тұрмысқа шығып, шетелге қоныс аударған. Үш жастағы қызы бар. Ол қазір әкесінің қолында. Айгүлмен байланысқа шыға алмаған туыстары 5 маусымда Қазақстанның Франфуркт қаласындағы бас консулдығына жүгінген. Елшілік полиция іздеу жұмысын бастағанын хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі: — Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Біздің дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Қазіргі таңда неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алуға туралы және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға көмектесуге жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Сурет: Видеодан скриншот

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде