Солтүстік Қазақстан облысынан Германияға көшіп кеткен қария 10 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз жолмен зейнетақы алып келген деп хабарлайды Liter.kz басылыма сілтеме жасап NUR.KZ.
Бұл туралы СҚО прокурорлары кезекті тексеріс кезінде анықтаған.
«Азаматтық істі қарау кезінде Германия азаматы 10 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келгені анықталды. Қария Германияға көшіп барысымен сол жақтың азаматтығын алған.
Оның мемлекетке келтірген шығыны үш миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні тергеу жұмысын Германияның прокуратурасы шешетін болады», — деп түсіндірді СҚО төртінші басқарма прокуроры Жангелді Базарбаев.