Өгей шешесінен қорлық көрген 14 жасар қыз жанайқайын жеткізді. Есенова Диананы өзбек азаматшасы соққыға жығып, тіпті апталап аштықта ұстаған. Безбүйрек әкесі туған қызын үйінен қуып жіберген. Жасөспірім қыз кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығынан бірақ шыққан. Бұл туралы qasym.kz хабарлады.
Үш айдан бері өгей анадан қорлық көрдім деген 14 жастағы жасөспірім, қорқынышты күндерді еске алғысы келмейді. Диана тамақ жегені үшін де әбден соққыға жығылғанын айтада. Тіпті құл секілді жұмсап, үйдегі барлық шаруаны да жасататын еді дейді. Талай таяқ жеседе Диана бәріне көніп жүрген. Өйткені туған анасы төрт баланы жалғыз өзі асырай алмайды деп ойлаған.
«Бір аптадан асып маған тамақ бермеді, тек қана су мен нан ғана жедім. Кейін ештеңе бермеді. Мені жұлқылап итеріп жіберді. Неге итересің деп едім, кейін жерге жатқызып, белімнен теуіп, денемнің бәрін тырнап тастады. Тұрамай жатқан едім, шашымды жұлып, қайтып тұрғызып, қайтадан ұрды. Қатты ауырды. Сөйтіп не істерімді білмей больницаға бардым. Олар тексермей, тек жеңіл жарақат деп жазып берді», – деді жәбірленуші Диана ЕСЕНОВА .
Содан соң кішкентай Диана тәртіп сақшыларына шағымданып түсініктеме береді. Алайда кінәлілер жазасын тартқан жоқ деп отыр. Қайта оны үйден қуып жіберген.
«Үйге кірейінші деп жыладым, Кейін кіргізбейм сенің үйің емес деп қуып жіберді. Кейін депутқа бардым, жыладым. Ол әкеме звондап, кіргізсін деді. Кейін бардым үйге, ол маған сонымен қорқытасыңба деп аяқ киімді маған тастап, аузына келгенін айтып тастады. Осыған дейінде шапалақтап ұрған, тамақта бермейді. Көрмеген нәрсем жоқ», – деді жәбірленуші Диана ЕСЕНОВА .
Осындай қорлыққа шыдай алмаған, Диана Нұр отаннан көмек сұрайды. Соңында ол кәмілетке толмаған балаларды бейімдеу орталығынан бірақ шығады.
«Диана есімді кәмілетке толмаған жасөспірім 7 маусым күні сағат 16-30 түскен біздің мекемеге. Себебі заңды өкілсіз жүрген үшін. 0035+ 049-108 Қыздың үстінде дене жарақаты болмаған, бірақ көкірек тұсында жырылған жерде болды. Қызбен сұхбаттастық, онымен сөйлестік. Содан соң Сарыағаш аудандық білім бөліміне, ІІБ-на хаттар жолданды», – деді ОҚО Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік ұстазы Сәуле ОҢҒАРБАЕВА.
Ал, Диананың туған анасы Рыскүл Жоланова шындықты білген соң, бірден Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасына барып, қызын ұрған өзбек азаматшасына арызданады. Содан соң, Диананы бейімдеу орталығынан шығарып алады. Енді, Рыскүл ханым 14 жасар қызын арнайы медициналық сараптамадан өткізбекші. Айтуынша, Диананың бүйрегіне зақым тиген, сондықтан бірінші кезекте жасөспірімді Нұрсат ықшам ауданындағы балалар ауруханасында емдеуді көздеп отыр. Айта кетейік, Рыскүл Жоланова күйеуімен 2016 жылы заңды түрде ажырасқан. Төрт балалы жалғыз басты ана, оларды жалғыз өзім баға алмаймын деп, екі қызын әкесімен қалдырған.
«Содан кейін мен ажырастым, екі үлкен қызым әкесімен қалды. Ол баста қараған. Кейін өзбек азаматашасы Феруза есімді әйел келген. Мен сенің қыздарыңа ана болам деп кірген. Екі ай үндемеген. Содан кейін менде білмеуші едім, қызым қазір жылап маған келіп отыр көрсеткен қорлықтарын айтып. 15 жыл тұрған күйеуімнің осылай болатынын таңым бар. Өз балдарын осы орталыққа өткіздің, қорғашы деп айттым, бірақ үлкен қыздыда қосып өткізе сал деді маған. Мен өзімді қорғайм дегенше балаларым мүгедек болатын болды таяқ жеп», – дедім Есенова Диананың анасы Рыскүл ЖОЛАНОВА.
Қазір бұл іспен Сарыағаш ауданындағы ішкі істер басқармасы айналысуда. Оқиға биыл 3 маусым күні Сарыағаш ауданында орын алған.