jasqazaq.kz

Ғарышкерлер мінген капсула қазақ жеріне қонды

14 желтоқсан 2017, 16:35

Бүгін, 2017 жылғы 14 желтоқсан күні, Астана уақытымен 14 сағат 38 минутта «Союз МС-05» басқарылатын көлік кемесінің жерге қонуға арналған капсуласы Қазақстан аумағына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Роскосмос» өзінің online.roscosmos.ru сайтында қону орнынан тікелей трансляция жүргізді. Орбитадағы 139 тәуліктік жұмыстан кейін халықаралық ғарыш стансасының 52-ші және 53-ші ұзақ мерзімді экспедициясының мүшелері — «Роскосмос» космонавты Сергей Рязанский, NASA астронавты Рэндолф Брезник және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Паоло Несполи жерге оралды. «Союз МС-05» экипажы 2017 жылғы 29 шілдеден бері ХҒС-да болды. Экипаж мүшелері стансада ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен эксперименттер өткізді, ХҒС-ның жұмысқа қабілеттігі болуын қамтамасыз етті, оған жүк тасымалдаушы ғарыш кемелері апарған қондырғыларды орнатты. Капсуланың жерге қонуы штаттық режимде іске асырылды. Күшті жел тұруына байланысты ғарышкерлермен кездесу рәсімі қысқа болатыны хабарланды. Дәл қазір ғарышкерлер тұрған жерден трансляция жүргізіліп жатыр. Сергей Рязанский мен Рэндольф Брезник осымен екінші ғарыш сапарын аяқтады, ал ЕҒА астронавты үшін бұл экспедиция үшінші болып отыр. Айта кетелік, бұрын хабарлағанымыздай, Паоло Несполидің бастамасымен жуырда ХҒС-да таңғажайып эксперимент жүргізілді — ғарышкерлер салмақсыздық жағдайында алғаш рет итальяндық пицца әзірлеп көрген болатын.

 

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды