Ғабит Сыздықбеков: Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік

17 маусым, 16:24

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Шымкент қаласының мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, әр салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Шаһардың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштері туралы баяндап, аталған кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді

Басқарма басшысы келтірген мәлімет бойынша, инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд теңге болса, жеке инвестиция көлемі — 174,1 млрд теңгеге жеткен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшысының баяндамасына қатысты өз пікірін білдірді. «Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік. Көрсеткіштерді талдап, қай жерде проблема бар, сол жерге күш салып, нақты нәтижеге жұмыс істейік», — деп атап өтті шаһар басшысы.

Сонымен қатар қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты заң шеңберінде шараларды күшейтіп, дендрологиялық саябақ пен «Арбат» алаңына абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізуді және ойын атракциондарының қауіпсіздігін жақсартуды тапсырды. Барлық аудан, сала басшыларына бюджеттің сапалы орындалуы, 2025 жылғы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Инвестиция демекші, шетелдіктер тарапынан Шымкент қаласына қаржы құюға қызығушылық танытатындар баршылық. Мәселен, түріктің бір компаниясы мұнда ірі жылыжай салмақшы. Соған орай қала әкімі «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездескен болатын. Кездесуде «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион долларға жететін инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша жылыжайдың көлемін 500 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайту туралы келісімге келді. Түрік инвесторлары бұл аумаққа қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешенін салады.

Холдинг басшысы жоба құрылысы жақын арада басталатынын айтты. Бірінші кезең аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, ал кешен толық іске қосылған соң 5 мың жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобалар жергілікті тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді және бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында қаламызда жылыжай салуға арналған құрылымдар шығаратын кәсіпорын ашуды көздеп отыр.

Қала әкімінің «жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік» деген сөзі, міне, осылай нақты жұмыс істеу керектігіне меңзесе керек.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде