Ғабит Сыздықбеков: Ассамблея алдында сан-қырлы міндеттер тұр

23 мамыр, 13:05

Елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда Қазақстан халқы ассамблеясының маңызы зор. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен 100-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында ел игілігі жолында қызмет етуде. Шымкен қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, шаһарда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» атты V сессиясы өтті. Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық ҚХА мүшелері, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тәуелсіздік жылдары еліміздегі сан алуан этнос өкілдері бір шаңырақ астына топтасып, ырысты ынтымақ жолын таңдады.
Азаматтардың ұлтына, тіліне, түріне қарап бөлінуіне жол берілмей, жүйелі жүргізілген мемлекеттік саясаттың арқасында қоғамдық келісім еліміздің басты тұғырына айналды.
Қала әкімі өз сөзінде қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.

«Қалалық Ассамблея алдында сан-қырлы міндеттер тұр. Қоғамдағы этносаралық татулықты, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, ұлтына, дініне қарай ерекшеленуге, оқшаулануға жол бермеу, игі істерге атсалысу және тағы басқа міндеттерді атқарып келеді. Жасыратыны жоқ, қоғамда Ассамблеяға қатысты түрлі пікірлер де айтылып жүр.

Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігін нығайтуға, татулық пен ынтымақты берік ететін бірегей институт ретінде елімізде өмір сүріп жатқан барша этносты бір арнаға ұйыстырып отыр. Ассамблея жүргізіп отырған мемлекеттік этносаясаттың нәтижесінде қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулық берік орныққан» — деді қала әкімі.
Шымшаһардың тұрғындары тасқын судан зардап шеккен өңірлерге қол ұшын созуда да белсенділік танытты. Игі іске қаладағы Ассамблея белсенділері де зор үлес қосты.

Сессияның күн тәртібі бойынша бірнеше азамат жарыссөзге шықты. Сонымен қатар бірқатар белсенділер Қазақстан халқы Ассамблеясының наградаларымен марапатталды.

Бүгінде қалада 17 этномәдени бірлестік пен ҚХА жанындағы 7 құрылым жұмыс істейді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау, қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде