jasqazaq.kz

Форбс тізіміндегі ең қалталы әнші Қайрат Нұртас өзінің бай екенін жоққа шығарды

13 шiлде 2017, 11:21

Қайрат Нұртас «Қайраттың бюджеті «Қайрат» футбол клубынан он есе артық» деген қауесетке жауап берді. Форбс нұсқасы бойынша ең қалталы әнші саналатын әрі бір тойдан 10 мың доллар алатын Қайрат Нұртас өзінің бай емес екенін айтып, елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында оған:

«Сіздің ақшаңыз «Қайрат» футбол клубынан он есе артық» дейді. Сол рас па?», — деген сұрақ қойылды.

Алайда әншінің бұл сұраққа берген жауабын ел әзіл деп қабылдады. Себебі бір тойдағы гонорары 10 мың доллар тұратын Қайрат Нұртас өзінің бай емес екенін айтып, ағынан жарылды.

«Мен солай өзім көрінемін. Бәрі мені көргеннен мынаның ақшасы көп екен деп ойлайды. Мен бір адамның ақшасын қолыма ұстап суретке түсе салам, бітті ол ақша менікі деп есептеліп кетеді. Мәселен, күні кеше Rolls Royse көлігіне міндім (ред. — желіге видео салдым). Содан әңгіме кетті. Бұл көлікті біреуге сыйға тартты деп шулады.

Ол көлігің 500 мың доллар тұрады. Мен оны қайдан аламын? Мені шетелдіктердің барлығы көреді. Сол үшін елге солай болып көрінуге тырысамын. Әйтпесе бай да емеспін, кедей де емеспін. Орташамын. Аллаға шүкір өзіме жетеді», — деді әнші.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда