jasqazaq.kz

Фируза Шарипова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді

26 тамыз 2017, 22:37

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бірінші раундтан бастап Фируза қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін байқатты. Болгар қызы қорғаныста жұдырықтасып, сәті түскенде ғана шабуылдаумен болды. Раунд сайын қарқынын арттыра түскен отандасымыз дөп соққыларымен алға оза түсті. Милена Колева да тәжірибелі екенін байқатты. Екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалып келгені көзге ұрды. Фируза 8 раунд бойы соққы жасап баққанмен, Милена жекпе-жек соңына дейін шыдап бақты. Дегенмен кездесуде отандасымыз айқын басымдығын танытты. Төрешілердің барлығы Фирузаны жеңімпаз ретінде таныды. Милена Колеваны жеңген Фируза Шарипова WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді. Мен қолдауға келген баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Жаттықтырушыларым мен ата-анама рақметімді айтамын. Бұл жеңіске үлкен еңбектің арқасында қол жеткіздік. Командама рақмет. Алға, Қазақстан, — деді боксшы.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда