jasqazaq.kz

«Фараларды «өлтіріп» жағып, тас жолда ыржың-тыржың еліріп жүреді». Блогер Тoyota Alphard автокөлігіне мінбеуге шақырды (Видео)

19 тамыз 2024, 14:22

Жамбыл облысында 17 тамыз күні Тoyota Alphard минивені қарсы жолға шығып, Skoda-Octavia полиция көлігіне бетпе-бет соқтығысқан еді. Қазір алты адамның өмірін жол апатына себепші болған Тoyota Alphard көлігіне тыйым салу керек деген пікірлер айтылып жатыр.
Соның бірі — блогер Бекайдар Әлмұханов Тойота Альфард көліктеріне мінбеуге шақырды.
«Бүкіл жерге қарасаң осы көлік. Қазақстанда бұдан басқа көлік қалмады ма? Неге «Альфард» жүргізушілерінің көпшілігі такси? Сіздерге айтар ақылым, «Альфард» автокөліктеріне мінбеңіздер. Түндегі сұмдық жағдайда көліктің ішіндегі төрт адам тірідей жанып кетті, екі полиция қызметкері қайтыс болды.
Көлікті тізгіндейтін бесіктен белі шықпаған жас балалар. Фараларды «өлтіріп» жағып, ыржың-тыржың етіп, тасжолда өздерінен басқа адам жоқ сияқты еліріп жүреді. Ішкі істер қызметкерлері олардың заңға қайшы орнатылған фараларын алып тастауы тиіс. Тағы да айта кетейін, Еуропа елдерінде жүк көлігі жүргізушілеріне тахограф (жүргізушілердің қозғалысын тіркеуге арналған механикалық немесе электронды бақылау құралы) қойылады. Тойота Альфардтарға да дәл осындай құрылғы қою керек, олар аталған чип-картамен заңды бұзбай айдауы тиіс. Әр қаладан келген сайын полиция қызметкерлері Альфард иелерін тексерсін», — дейді блогер.


Сондай-ақ ол «Альфард» иелерінің көлікті басқару техникасы дұрыс емес екенін айтады.
«Көліктің газын түбіне дейін баспаса, Альфард да жын қуғандай жүрмес еді. Көлікті жаймен, байсалды айдайтын жүргізушілер де бар. Алайда қазіргі күні осы көлікті тізгіндегендердің дені жас балалар. Осы турасында полициядан маңызды ақпарат алдым. «Тойота Альфардтың» рөлінде көбіне-көп 2000 жылдардың бас кезінде өмірге келген буын отыр», — дейді блогер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Begaidar Almukhanov (@beka_evropa.kz)

JQ-Aqparat

Сурет: polisia.kz

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр