jasqazaq.kz

ЕXPO-2017: Сенегалдың сұлулары қонақтарды өнерімен тәнті етті

21 тамыз 2017, 17:13

Сенегалдан келген «Сафари» музыкалық тобы «ЭКСПО-2017» көрмесіне жиналған жұртты өз өнерімен тәнтті етті. Осылайша Сенегалдың Ұлттық күні  керемет ән мен дәстүрлі биден басталды. Nur.kz хабарлағандай, үш қыздан құралған топ  өздерінің кора, джамбе және балафон ұлттық музыкалы аспаптарының сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Ұлттық күнді атап өту шарасында сөз алған Сенегал сексиясының комиссары Джоп Малик баламалы қуат көзін дамытуда қандай жетістікке жеткенін баяндады. Оның айтуынша, Африкада күн және жел қуатын пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Ол «Біз жыл соңына таман электр қуатының 20 пайызын күннен алуды жоспарлап отырмыз. Еліміз бұл көрсеткішті жылдан жылға арттыруға мүдделі», — дейді.

Қазіргі таңда Сенегалда қуат мөлшері 72 МВт болатын үш күн электр стансасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар бұл елдің үкіметі Бүкіләлемдік банктің көмегіне жүгініп, күн электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Оның жалпы қуат мөлшері 350 МВт-құрайды.

Ал жел энергиясына келетін болсақ, жалпы қуаты 175 мегаватт болатын 2 бірдей жел паркінің құрылысы жүріп жатыр. Солардың бірі – «Таба ндэй» деп аталатын 150 мегаваттық жел паркі. Ол Батыс Африкадағы электр қуатын өндіретін ең ірі нысан болады.

Сенегал – гидроэнергетикасын да жақсы дамытқан мемлекет. Мұнда энергетикалық қуаты 200 мегаватт болатын «Манантали» атты гидроэлектр стансасы жұмыс істейді. Онда өндірілген энергияның 33 пайызын сенегалдықтар тұтынып отыр.

Біздің елдің басты мақсаты 2020 жылға дейін қайта қалпына келетін қуат көзінің көлемін жалпы тұтынатын элект қуатының 3 пайызына жеткізу болып табылады. Бұл көрсеткіш жасыл экономиканы дамыту концепциясында бекітілген.

Іс-шара барысында сөз алған  еліміздің мәдениет және спорт министрлігі индустрия және туризм комитетінің төрайымы Майнұр Мұрзамадиева ЭКСПО технологиядан бөлек  мәдени салада жеткен жетістігін паш етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ оның айтуынша, көрмені өткізу арқылы еліміз баламалы қуат көзін дамытуға құлшыныс танытып отырғанын білдіреді.

Ұлттық күнді атап өтудің ресми бөлімі аяқталған соң, қонақтарды осы Африка плазасында орналасқан Сенегалдың павильонына шақырды.

 

 

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда