Еліміз үшін биылғы жылдың ең басты шарасы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аяқталғанына да екі апта болды. Шараға 115 мемлекет пен 20 ірі халықаралық ұйым қатысып, жасыл энергетика бойынша жасаған соңғы үлгідегі технолгияларын үш ай бойы ел назарына ұсынды. Сондай-ақ осы уақыт аралығында 220 ресми шара ұйымдастырылды. Оған 28 елдің президенті, премьер-министрлер, министрлер қатысты. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылған форумдарда белгілі экономистер, энергетика саласының мамандары болды. «Болашақ энергиясы» форумына 300-ден астам шетелдік сарапшы қатысты. Олардың елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға көңілі толды. Құрметті қонақтар өз ізгі-ниетін Тілек кітапшасына қалдырды. Біз қазір соның кейбірін назарларыңызға ұсынамыз. Ал кітаптың толық нұсқасын expo2017astana.com сайтынан оқи аласыздар.
Реджеп Ердоған, Түркия Президенті: Қазақстандық достарды, көрмені ұйымдастырушыларды Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО көрмесін достық және бауырлас Қазақстан Республикасының астанасында сәтті өткізгенімен шын жүректен құттықтаймын.
Түркияның жеке секторының фирмалары қазіргі заманғы Астананың құрылысы басталғаннан бері және ЭКСПО-ның үлкен ғимараттары мен инфрақұрылымының маңызды жобаларын жүзеге асыруға ат салысып жатқанын мақтан тұтамын.
Қазақстан Республикасының барлық жетістіктеріне басшылық еткен құрметті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді.
Мен бауырлас Қазақстан сенімді қадамдармен алға жылжып, үлкен жетістікке жететініне сенім білдіргім келеді.
Джихан Султаноглу, БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісі, ЭКСПО 2017 БҰҰ бас комиссары: Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО 2017 көрмесі мен үшін әсерлі және ауқымы зор оқиғаның бір бөлігі болып табылады. Осында ұсынылған инновациялар Қазақстанға және одан тысқары жерлерге игліктер алып келетініне мен сенемін. ЭКСПО 2017 қол жетімді, сенімді, жаңартылған энергияяны ұсына отырып, әлемнің барынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуіне өзінің үлесін қосатынына сенемін. «Нұр Әлем» — осы мәселелердің дәлелі. Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан ЭКСПО 2017 қатысушылар ретінде Қазақстанға тұрақты даму және Күн тәртібі 2030 саласындағы шын ықыласты қолдауы үшін Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Жетістіктеріңізбен құттықтаймын!
Вук Жугич, ЕҚЫҰ делегациясының басшысы: ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Астанадағы ЭКСПО 2017 шақыру бойынша қатысатына өте қуанышты. Біз Президент Н.Назарбаевқа, Қазақстан Үкіметіне және ЭКСПО 2017 ұйымдастырушыларға біздің Ұйымның осы оқиғаның бөлігі болуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқымыз келеді.
Аймақта тұрақты энергияны жылжытуға бағытталған Қазақстанның күш-жігері сүйсіндіреді және ерекше мақтауға лайық.
Сіздерді аса ауқымды және өте маңызды оқиғамен құттықтаймыз. Біз көрмеге табыс тілейміз, ол оған лайықты, ЭКСПО болашақ энергиясы саласындағы пәрменді ынтымақтастыққа және нақты іс-қимылға өзінің үлесін қосады деген үміттеміз!
Бипин Рават, генерал, Үндістан армиясы: Қазақстан ұйымдастырған ЭКСПО 2017 болашақ энергиясына және оның тәсілдеріне назар аудартады, халықтар болашақ үшін күш-жігерін біріктіріп, энергияның баламалы көздерін зерттеуі қажет. Әлемде барынша таза және салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін, дәстүрлі энергия өзге де ресурстармен аламасырылуға тиісті. Бұл бірегей салауатты, экологиялық таза әлем үшін жұмылған күш-жігерді бағыттауға талпыныс. Біз ЭКСПО-2017 табыстар тілейміз. Рахмет.
Дэн Бруйетт, АҚШ Эгергетика министрінің орынбасары: Көргенім мені әсерге бөледі! «ЭКСПО-2017» көрмесінде ЕАЭО мемлекеттері мен әлемнің өзге де көптеген елдері өздерінің технологиялық және ғылыми мектептерінің күш-қуатын көрсетеді, өздерінің жетістіктерін және инновациялық әзірлемелерін көрсетеді.
«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларына жинақтаған тәжірибені сақтауды тілеймін. Бірегей сәлеттік кешен технология мен инновация орталығы ретінде өз өмірін жалғастыра берсін.
Президент Трамптың және оның әкімшілігі атынан Сіздерді АҚШ президенттік делегациясын Қазақстанда қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Біз ЭКСПО 2017 көрмесінен рахат сезімге бөлендік әсіресе Қазақстанның ұлттық павильоны ерекше әсерге бөледі. Осы сапар барысындағы қонақжайлылық пен ықыласты қабылдауларыңыз үшін Сіздерге ризамыз. Энергия болашақтікі және біз өзара жемісті әріптестіктің одан әрі жалғасатынына үміттеміз.