Астандағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аяқталуына екі күн қалғанда еліміз үшін маңызды шараны тамашалаушылардың саны әдеттегіден көп. 9-қыркүйек күні халықаралық көрмеге 100 514 қонақ келді.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, көрменің алғашқы күндері орташа есеппен күніне 22 840 адам ЭКСПО-ны аралаған. Жалпы 10-шілде мен 9-қыркүйек аралығында халықаралық көрмеге 3 млн 860 мыңнан астам қонақ келген екен.