jasqazaq.kz

Еврейлер көп жалақы алады деп жазған журналист жұмыстан босатылды

31 шiлде 2017, 14:13

Еврейлер көп жалақы алады деп жазған британдық журналист жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап.

Британиялық Sunday Times газеті колумнист Кевин Майерстің бұдан былай бұл басылымға мақала жазбайтынын хабарлады. Бұған оның бір материалында антисемитизмнің көрініс табуы себеп болған көрінеді.

Қазір материал газеттің веб-сайтынан алынып тасталды. Газеттегі өз бағанында «Кешіріңдер, қыздар – мұндай жалақы үшін соған сай еңбек ету керек» деген тақырыппен мақала жариялаған Кевин Майерс Би-би-сидің жүргізушілері Клаудия Уинклман мен Ванесса Фелцтің жоғары жалақыны еврей болғаны үшін алып отырғанын меңзейді.

Times өкілдері автордың бұдан кейін аталған газетке мақалалары шығарылмайтынын растады. Редактор Мартин Ивенс болса осы жарияланым үшін оқырмандарынан, сондай-ақ ол мақалада аттары аталған әйелдерден де кешірім сұрады.

Дереккөзінің хабарлауынша, кешірімнің мәтіні газет бетінде келесі аптада жарияланбақшы. Аталған мақалада Кевин Майерс корпорациядағы жалақысы жоғары «жұлдыз» қызметкерлердің (жылына 150 фунт стерлингтен көп жалақы алатын қызметкерлер) үштен екісі ерлер екенін жазған.

Сонымен қатар, ең жоғары жалақыны алатын екі қызметкер — Уинклман мен Фельцтің еврей екенін, еңбекақыны көбірек алуына осы мәселе әсер етіп отырғанын ишаралай жеткізеді.

Осыдан кейін Британияның «Антисемитизмге қарсы кампания» коммерциялық емес ұйымы Ipso журналистік стандарттардың тәуелсіз ұйымына осы мақалаға қатысты шағым түсірген. Майерстің антисемитизмге қатысты дауға қалуы бірінші рет емес. 2009 жылы ол басылымдардың бірінде Холокосттың болғанын жоққа шығарған болатын.

Сынның астында қалған ол мақала да сайттан алынып тасталған еді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда