jasqazaq.kz

Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды

14 желтоқсан 2017, 17:01

Астананың Есіл аудандық №2 соты «Еуразиялық банк» АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқановқа және осы филиалдың бұрынғы касса жетекшісі Ақмарал Меңдалиеваға қатысты сот үкімін шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Мұрат Мұқанов 10 жылға сотталды. Мұның алдында соттағылар Мұқановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру»), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған еді. Ал Ақмарал Меңдалиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды