Этнограф: Ене мен келіннің тәттіні жегені — дәстүрді бұзғаны

29 мамыр, 13:33

Әлеуметтік желіде ене мен келіннің тәттіні бірге жеген тойдағы ырымы қызу талқылануда. Stan.kz тілшісі белгілі этнограф әрі тарихшы Болат Бопайұлынан тойдағы бұл әрекеттің қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

«Мұндай ырым-тыйым қазақта жоқ. Қазақ ежелден денсаулыққа, тазалыққа көңіл бөлген халық. Тіпті ер мен әйелдің бет сүртетін орамалын ауыстырмаған, ене мен келіннің орамалын ауыстырмаған, оны кірлетпеген. Ал ене мен келіннің кәмпит жеп жатқан видеосын бұрын мен үнді киноларынан көргенмін. Қуанышты хабар естісе сүйінші ретінде «өмірімізді тәтті, балдай болсын» деп кәмпит беріп жатады. Соның өзгертілген түрі біздің тойымызға келіп отыр. Бұл енді дұрыс нәрсе емес. Мұндай қазақтың мәдениетіне, дәстүріне, ырым-тыйымдарына, асыл қасиетіне, ғасырлар бойы жасалған дүниесін бұзу деп қараймын. Екіншіден, олардың дем арқылы, сілекей арқылы геннің, тектің ауысуы. Үшіншіден, гигиена. Яғни денсаулыққа кері әсерін тигізеді, жұқпалы аурулардың таралуы мүмкін. Ене мен келін арасында сыйластық болу керек, перде болу керек. Мұның барлығын өздері ойдан жасап алған», – дейді Болат Бопайұлы.

Соңғы кездері қазақтың қуанышы ерсі ырым-тыйымдардан көз ашпай тұр.

«Жалпы, той мәдениеті деген қазақтың салты, дәстүрі, ғұрпы, наным-сенім, торқалы тойы, топырақты өлімінде атқарылады ғой. Сондықтан «Тойда атқарылатын заңнама» деген сияқты заңнамалық кітап шығару керек. Сол кезде қазақтың мәдениеті, дәстүрі, әдеп-ғұрпы, дәстүрлі мәдениеті жақсы сақталады деп ойлаймын. Сондай кітапты оқыған әрбір қазақ отбасы мұндай қателіктерге бой алдырмайды», – дейді этнограф Болат Бопайұлы.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде