jasqazaq.kz

Етегі жасқа толған ана қызын зорлаған адамды қамата алмай жүр (видео)

01 маусым 2017, 11:27

Бұл сұмдық жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылындағы (Бәйдібек ауданының орталығы) 8-сынып оқушысының басынан өткен. Анасының айтуынша, өткен айда оның 14 жасар қызын бір жігіт сыбайластарымен бірге Шымкентке басып алып кетіп, зорлап тастапты.

Бұл жайт белгілі блогер, заңгер Айгүл Орынбектің Фейсбуктегі парақшасында болған тікелей эфир кезінде жария етілді.

Блогермен әлеуметтік желідегі тікелей эфирге шыққан әйел жүрегі ауыратын қызының басынан өткен жағдайды жылап отырып айтып берді. Ол кәмелетке толмаған баласын зорлаған жігітке қатысты іс қозғата алмай жүр екен. Жергілікті тергеушілер, прокуратура қызметкерлері шарасыздық танытып отыр. Аңыраған ананы олар тыңдағысы да келмейді. Тіпті құқық қорғау органындағылар оған «қызыңыз бұл оқиғадан бұрын жыныстық қатынасқа түсіп қойған» деп айтыпты. Ал шағымданушы әйел ақылы гинекологқа барып, бұлай еместігін білген.

«Ақылы гинекологқа барғанымда, ол бұның жақында болғанын, жыныстық пердесі жаңадан жыртылғанын, бұрын жыныстық қатынасқа түссе, мұндай болмайтыны айтты» дейді етегі жасқа толған ана.

Caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда