Ескендір Сергебай: Казиноға әлі де барып тұрамын

09 қантар, 12:11

Ескендір Сергебай кезінде «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған еді. Кейін ол ТВ-дан кетіп, мемлекеттік қызметке барды. Өзінің айтуынша, Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімінің орынбасары қызметінде бес жылдай болған.
Ескендір осы казинолар қаласында жүргенде ойынқұмарлыққа салынып кетіпті деген әңгіме тарады. Ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» ютуб-арнасында осы орайдағы сұраққа жауап берді.
Бұл тұрғыдағы диалог мынадай болды (қаз-қалпында беріп отырмыз):
— Казинолардың қасынан өткен кезде құсқыңыз келе ме, жоқ, өткен шақты еске түсіресіз бе?
— Оны былай қабылдау керек. Бұл казиноны демалыс орны деп қабылдаған адамның құсқысы да келмейді, басқасы да келмейді. Қатты бір енді көңіл қалатындай, соншалықты өміріңді қиып жіберетіндей, құсқың келетіндей ондай деңгейге жеткен жоқпыз.
— Реніш жоқ па казиноға?
– Казиноға реніш жоқ. Несіне ренжисің оның?
– Кім ауыздандырды сізді?
– Ол енді өмірдің несі ғой… Ешкім сүйреп алып бармайды. Анау апарды, мынау апарды, мынау ауыздандырды деп айтпайсың ғой.
– Досыңыз Бағлан Әбдірайымов «басында қызық үшін бардық» дейді, «фишка алудан басталды, ішіп-жедік, таңның қалай атқанын білмедік, кейін қалай «азартқа» кіргенімізді білмей қалды»қ дейді. Ол бір жасыратын нәрсе емес қой, ашығын айтып жатыр, киносын түсіріп жатыр. Өзіңізден білейікші енді осыны… Не түсіндіңіз?
– Қазір қарасақ… мысалы, қазір әр елдің әртүрлі тамақтарын алып келсе, бәрінің дәмін көретін едім. Ол да өмірге деген ізденушіліктің бір тарамы да. Жалпы мен өзі сондаймын. Бір нәрсені көруің керексің бір рет болса да. Қай нәрсе басым… қай жартасқа соғылса да, біреуіне соғылады, екіншісінен емделеді ғой. Ненің соқпақ, ненің ем екенін өмір көрсетеді.
– Бұл сіздің басты қателігіңіз емес пе өмірде жіберген?
– Енді оны қателік деп… кім біледі оны енді… мүмкін, бәрі мүмкін ғой. Сол жаққа барудың өзі мүмкін қателік пе еді?
– Қапшағайға…
– Мемлекеттік қызметтің өзі қателік пе еді, кім біледі. Айтпайсың ғой ана жерден мүлт кеттім, мына жерден мүлт кеттім деп. Мүлт кеткен жерлер көп қой. Қателіктер көп.
– Барлық казиноны тоздырдыңыз…
– Жақсы дейік.
– Қазір қара тізімдесіз, кіргізбейді…
– Неге? Ондай жоқ. –
Соңғы рет қашан бардыңыз?
– Бір ай бұрын шығар.
– Қойыңыз?
– Иә.
– Ол жерде былай қабылдау керек қой. Ол міндетті түрде ойын емес қой. Өтіп бара жатып шәй ішіп кетесің кіріп. Тегін емес пе.
– Қалай тегін? Ол жақта сіз 500 доллар төлейсіз ғой.
– Жоқ, ол жерде де адамдар істейді ғой. Ол жерде де адамдармен араластық. Ол жердің де адамдарымен дос болдық. Хабарласасың. Ей, келе салсайшы дейді. Келесің. Бір шәугім шәй ішіп, қарап қайтасың.
– Өткенді еске түсіріп…
– Солай десек те болады.
– Бас-аяғы қанша қаражат ұтылдыңыз?
– Е, оны кім санапты?
– Бірақ үй, көлік – бәрін бердіңіз сол жаққа, иә?
– Жоқ, үй, көлік деп айта алмаймын.
– Сегіз пәтер кетті, иә?
– Жоқ, ондай сегіз пәтерім болған да жоқ.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу