Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы AFD plaza тұрғын үй кешенінің маңында есірткі саудасымен айналысқан екі адам ұсталды.
«Алматы қалалық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Біреуі — 1989 жылғы, ал екіншісі — 1991 жылғы. Олардан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалады», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.