jasqazaq.kz

Есікте жастар жаппай төбелескен (Видео)

Бүгін, 10:47

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Есік қаласында болған топтық төбелестің видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда бірнеше адамның қақтығысы және атыс дыбыстары естіледі.

Оқиғаға қатысты Алматы облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді.
Ресми органның хабарлауынша, видеода көрсетілген заңға қайшы әрекеттер 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы аумағында тіркелген.
Аталған дерек бойынша:
-бұзақылық,
-полиция қызметкерлеріне -қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі таңда жеті адам күдікті ретінде танылған. Полиция барлық қатысушыларды анықтап, оларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Сонымен қатар, бейнежазбадағы атысқа қатысты да түсініктеме берілді. Полицияның мәліметінше, оқиға орнына келген қызметкерлер қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мақсатында аспанға ескерту ретінде оқ атқан.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады