jasqazaq.kz

Ерұлан Жамаубаев: Жемқорлардан тәркіленген қаражат әлі де мектеп салуға жетеді

13 желтоқсан 2023, 12:51


Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қордан мектеп салуға қаржы бөлуге әлі мүмкіндік бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа (Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор) түсті. Бұл арнайы шоттан 62 мектепке қаражат бөлінді. Қазақстанның әр аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат берілді. Бірақ, бәрі жұмсалған жоқ, 90 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Сондықтан 60 млрд теңгеге жуық қаражат әлі бар. Егер алдағы уақытта апатты жағдайдағы немесе үш ауысымды мектептер болса, онда соларды жөндеу үшін өтінім келіп түссе, қарастырамыз. Қаражат Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен бөлінеді», — деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?