jasqazaq.kz

Ертіске секіріп кеткен студент қыздың денесі бір айдан соң табылды

19 маусым 2017, 15:42

Павлодарда көпірден секіріп кеткен қыздың денесі табылды. Қыздың денесі табылғаны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл мәліметті Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі растады.

«Бүгін, 19 маусымда шамамен таңғы сағат 8-де жергілікті порт қызметкерлері қыздың денесін сырт киімімен бірге тапқан. Ол порттан бес шақырым жерден табылды. Біздің қызметкерлер денені алып шықты. Туыстары қызды таныды», — деді Павлодар облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Лебедев. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақындары қызды оның киімі арқылы таныған. «Қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 1-курс студентін іздестіру жүмыстары бір ай бойы жүргізілді. Бірнеше күн бұрын павлодарлық құтқарушылар іздестіру жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Бірақ жергілікті еріктілер 16 жастағы қызды іздестіруді тоқтатпаған еді. Еске сала кетейік, қыздың көпірден секіріп кеткені жайлы биыл 13 мамырда хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, қыз көпірге шығып алып, біраз уақыттан соң секіріп кеткен. Қыздың көпірден секіріп кеткен сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда