jasqazaq.kz

Ертіс өзеніндегі жарылыстан көпқабатты үйлердің терезесі сынды (видео)

30 наурыз 2018, 12:30

Семейде Ертістің мұзын жарамыз деп ТЖД орнатқан үш мың тонналық зат жарылып, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері сынды. Бейресми ақпаратқа сәйкес зардап шеккен адам да бар. Семейді тасқыннан қолдан жасалған жарылыста құтқара алмады. Ертістің суы бүгін тағы екі ауданға жайылды.
Ертістің суы жан-жаққа жайылып кетпес үшін жүргізіліп жатқан мұз жару жұмыстары сол маңдағы тұрғындардың зәресін алды. Толқынның қатты болғаны соншалық, тіпті сол маңдағы үш бірдей тоғыз қабатты үйдің терезелері бірінен соң бірі сынған. Қазірдің өзінде мұз жару кезінде бір адамның зардап алды деген бейресми ақпарат та бар.
Арнасынан асып жатқан өзендегі мұз жару жұмыстарының жүргізіліп жатқанынан тұрғындар құлақтандырылмаған болуы мүмкін. Дүмпулерді сезген халық хабардар болғанда үйді уақытша босататын едік дейді. Ал көктем келсе жандарын шүберекке түйіп, құжаттарын оңай жерге қоюға дағдыланған арал тұрғындары дабыл дауысын естісек есікке тұра ұмтыламыз дейді. Жылда қайталанатын көрініске көз үйренсе де, көңіл тыныш емес. Себебі қауіпсіз жерде жатсақ та, үй – жайды ойлап мазамыз қашады дейді.
“Үйіміз судың ортасында тұр. Видеодан көрдік. Ішіне су кірген, гаражымыз бәрі. Білмеймін енді алдыда не болады, қандай көмек? Менің енді бес балам бар. Бес баламмен мында бір нөмерде жатырмыз осында кеше әкеп тастаған”, – дейді тұрғын Қырлығаш Ақабаева.
Қонақүйге көшірілген тұрғындар таң сәріден үйлерін бақылап қайтуға бара алмай жүр. Аралға апарар жолды торуылдаған полицейлер ешкімді өткізбек емес. Соның кесірінен тіпті кейбірі баспанасына судың кірген кірмегенін де білмейді. Ал Семейліктерді сергелдеңге салып қойған судың келуін қала басшысы қолдан жасалынған дүние дейді.
“Бүгінгі болып жатқан нәрсе Семейде ол табиғат емес, қолдан ол өзі қолдан жасалған нәрсе. Алдында беріп отырған 500-600-650 куба метр берілген су, мына аяқ астынан 27-28-ші наурызда үш есе суды көбейтіп жіберді. 1800 болды барлығы. Сол су артық су бүгін бізге Семейге келіп, Семейдің тұрғындарын әуреге салып жатыр”, – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.
Әуреге салғаны былай тұрсын, бүгін Семейдің тағы бірнеше ауданын су басты. Ал әзірге мұз жару жұмыстарнының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.
Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айтылған!

Stan.kz

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр