Ерсұлтан Мұзаппаров «Шымкент Барысы» атанды

10 маусым, 12:08

Шымкент қаласында айтулы дода «Шымкент Барысы» қалалық іріктеу турнирі өтті. Қазір еліміздің барлық өңірінде республикалық турнирге іріктеу жүргізіліп жатыр. Ал Шымкент қаласындағы биылғы бәсекеде салмағы 90 келіден асатын, жалпы 25 балуан белдесіп, «Шымкент Барысы» атағын иеленуге барын салды. Бұл туралы Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айтулы турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйледі. Сонымен қатар турнирге қалалық қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Асанов та қатысып, ұлттық спортқа қолдау жалғаса беретінін жеткізді.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, Шымкент қаласында ұлттық спортты дамытуға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Ол:«Ұлттық спорттың төресі — қазақ күресін насихаттау, әсіресе, жастар арасында беделін арттыру мақсатында қолдау жалғаса береді. Қазақ күресі — біздің ұлтымызды ұлықтайтын, әлемге паш етіп жүрген спорт түрі. Шаһарда қазақ күресінен әлемдік деңгейде биік тұғырлардан көрінген, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Қазақ күресіне қызығушылық танытып келе жатқан спортшыларымыздың ынтасы қуантады. Ұлттық күресімізді одан әрі дамытуда көптеген турнирлер өткізілуде. «Шымкент Барысы» іріктеу жарысы жас балуандарға серпін беретіні анық. Әрі қарай да ұлттық спортымызды дамытуға, биікке көтеруге бар күшімізді салатын боламыз», – деді.

Аса тартысты өткен турнирге әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері қатысты. Жарыс соңында бозкілемде ешкімге дес бермеген мықтылар алға ауырылып шықты. Сөйтіп биылғы «Шымкент Барысы» қалалық іріктеу турнирінде белгілі балуан Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіске жетті. Ол өзінің қара күш иесі екенін көрсетіп, «Шымкент Барысы» атанды. Ал Ерсұлтанға есе жіберген халықаралық турнирлердің жүлдегері Нұрсұлтан Қожагелдіұлы екінші орынға ие болды. Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Әбдімәліков үшінші орынды қанжығасына байлады.

Ерсұлтан Мұзаппаров пен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайды.

Айта кетсек, жеңімпазға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың, үшінші орынға 100 мың теңге сыйақы берілді. Спортшылардың бапкерлері де қаржылай сыйақылармен марапатталды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде