Ермұрат Бапи: Әкенің рөлін тым сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба?!

21 ақпан, 12:19

Өткенде ел-жұртқа танымал Нұрлан имамның бір уағызын көріп қалдық. Ол кісі күліп отырып адамның жетер жеріне жеткізіп айтады ғой. «Әкеңді сыйла, қарағым! Ол мейлі жаман болсын, ішкіш болсын, бәрібір сен әкеңді құрметтеуің керек. Оған қызмет ет, керек болса, ағын жу, аяқ киімін жу!», — дейді Нұрлан имам. Жалпы соңғы кезде ата-анаға қамқорлық жасау, құрметтеу туралы уағыз көп айтылады. Кім не десе де, бәрінің ойы «бұл дүниеде әке-шешенің ризалығын алмасаң, жолың ашылмайды, алдыңнан кедергі шыға береді» дегенге саяды.

Сондықтан депутат Ермұрат Бапидің отбасындағы әкенің рөлі туралы мәселе көтеруі құптарлық. Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат әкелердің рөлі төмендеп бара жатқанын сөз етті.

Ол әріптесі Жұлдыз Сүлейменоваға: «Біз осы заң жобасының табиғатынан әкенің рөлін, ер-азаматтың рөлін «сүмірейтіп» жіберген жоқпыз ба? Осы жөнінде заң жобасының авторы ретінде сіздің жеке пікіріңізді білгім келеді. Бұл заң жобасы негізінен жалпы қазақстандық мүддені қорғайды ғой… Бұл жерде ұлт, ұлыс деген жоқ. Бірақ назарымыздан шығармайтын бір мәселе бар. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы қазақ екенін білеміз. Осы залда отырғандардың көпшілігі «әкең келе жатыр», «осыдан әкең келсін, әкең сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік. Осы тұрғыдан келгенде бір әкенің, ер-азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар?!. Сіздің өз ойыңыз қандай, соны білгім келеді», — деген сауал тастады.

«Әкенің орны да, рөлі де қазақтың тәрбиесінде, қазақтың отбасы институтында ерекше» деген Жұлдыз Сүлейменова: «Біз бұл заңмен бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдің бүгінгі таңда тұрмыстағы қарым-қатынасына патриархалды озбырлығына тосқауыл қоятын баптарды енгізіп отырмыз», — деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсті.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды