jasqazaq.kz

Ермек Маржықпаев: Үш жылда 133 отандық спортшы допинг дауына ілікті

13 желтоқсан 2023, 16:33


Соңғы үш жылда 133 қазақстандық спортшы допинг дауына іліккен. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
Министрдің сөзінше, допинг дауына қалғандардың ішінде 93 атлет жазғы Олимпиада спорт түрінің спортшылары. Оның ішінде 45-і ауыр атлеттер екені анықталды.
“2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны 5 адам. 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді. Бұл біз үшін тым жоғары көрсеткіш. Өйткені І, ІІ, ІІІ санаттағы құрама команда түгел шеттетілген. Сонда қазір базалық құраманың рөлін жасөспірімдер атқаруға мәжбүр болып отыр. Яғни, жағдай жақсы емес”,- деді министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Маржықпев қазіргі уақытта допингке қарсы орталықпен бірге жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Дегенмен допингке саналы түрде бармайтын спортшылар да бар.
“Өкінішке қарай, интернет арқылы спорттық тағамға тапсырыс беру оңай. Спортшылардың көбі осындай тапсырыспен сапасыз тағамға ұрынып қалып жатады. Яғни, допингке саналы түрде бармайтындары да бар. Тіпті интернет пен дәріхананы қойып базардан да сатып алатындар бар. Бұл жұмысты жүйелеп, заңнаманы тағы жетілдіру керек. Өйткен өте көп спортшымыздан айырылып жатырмыз”, — деді министр.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?