jasqazaq.kz

Ермегияевтің түрмеде арнайы кабинеті болған

19 сәуiр 2018, 14:42


ҚР Бас прокуратурасы Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаев «Астана ЭКСПО-2017» басқарма экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің колониядағы «жайлы жағдайы» туралы айтып берді.

Tengrinews.kz  хабарлағандай,  «Ермегияевқа қатысты дерек бойынша, ол жерде VIP-камера деген болмаған, өндірістік аймақта жұмыс уақытына арналған кабинет жасақталған. Түнде ол камерасында жазасын өтеген, ал күндіз оған кей жеңілдіктер жасалған. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, қызметкерлер жұмысынан босатылды. ІІМ-де ауқымды тексеріс жүргізілді, 16 лауазымды тұлға жазаланды, екеуі жұмыстан босатылды», — дейді Жақыпбаев ведомствода өткен баспасөз мәслихаты кезінде. Оның сөзінше, тергеу қорытындысына қатысты Қазақстан бойынша тексеріс жүргізілді. «Қаңтарда барлық мекемені тексеруден өткіздік. Бұған ұқсас жағдай болған жоқ. Дегенмен кей адамдардан телефон, тұрмыстық техника, жиһаз сияқты дүниелер тәркіленді. Қазір мұндайды бақылуда ұстап отырмыз, ары қарай да тексеріп тұрамыз», — дейді ведомство өкілі. Мұның алдында ІІМ өкілдері Астана іргесіндегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде Ермегияевқа жайлы жағдай жасаған лауазымды тұлғалардың жазаланғанын мәлімдеген. Еске салайық, 2016 жылдың маусымында «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр