Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев 52 адамның өмірін қиған автобустағы өрттің қалай шыққанын айтты. Орынбасардың сөзінше, жолаушылар отқа баса мән бермеген деп хабарлайды Ақтөбе облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
ТЖ орнындағы жұмыс аяқталды. Қаза болғандардың денесін Өзбекстан республикасы ТЖМ бортына орналастырдық. Онда гендік сараптамалар жүргізіліп, кейіннен мәйітті туыстарына береді.
Оқиға орнын тексерге мамандар дәнекер шамын (паяльная лампа) тапқан. Сондай-ақ тексеру амалдары мен тергеу барысы кезінде автобуста бес литр бензин болғаны анықталды»,-деді Ерлан Тұрғымбаев.
Тұрғымбаев зардап шегушілердің сөзі бойынша оқиға мәнісі анықталатынын айтты. Тергеу ұйымдары аман қалғандарды 19 күні сұрақ астына алды.
«Аман қалғандар автобус қозғалтқышы өшіп қалғандықтан іште өте салқын болғанын айтты. Сол себепті жолаушылар дәнекер шамы арқылы салонды жылытпақ болған.
Ол екі сағаттан аса жұмыс істеген, әрине, газбензинді қоспа көліктің бар салонын алып кеткен. Байқаусызда бензині бар ыдыс құлап кеткен кезде, бірден өрт лап ете түскен. Салдарынан бес минут ішінде көлік ішінде болған барша жолаушы жанып кетті», — деді еліміздің Ішкі Істер министрі орынбасары.
Министір орынбасары аталған оқиғаны жол-көлік апаты немесе қылмыстық оқиғамен байланыстырған болжамдардың бәрін жоққа шығарды. Оқиға орнында тексеру жүргізген сарапшылар суық қару мен олардың қалдықтарын таппаған.
Зардап шеккен бес жолаушының бүгінде жағдайы жақсы, оларды үйлеріне жіберуге болатынын Қазақстанның денсаулық вице-министрі Алексей Цой айтты.