jasqazaq.kz

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

13 ақпан, 18:28

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен бастап елімізді одан әрі демократияландыру ісін айқындағанын атап өтті.
«Президент плюрализмді дамытуға ықпал етуді өз міндеті санайтынын айтқан еді. Бұл саяси ұстаным бүгінге дейін дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр. Бұл құжатта биліктің халық алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты», – деді Ерлан Саиров.
Депутат саяси даму мен экономикалық серпін тұрақтылықпен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық жағдайында мұндай конституциялық негіз ерекше маңызға ие. Депутат жаңа құжатта Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің мұрагері екені алғаш рет белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар ол әлемдік конституционализм тарихынан мысал келтіре отырып, заңның, ең алдымен бүгінгі буынның мүддесіне қызмет етуі керек екенін еске салды. Ерлан Саировтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы өскелең ұрпақтың саяси мүддесі тұрғысынан жазылған.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары және тағы басқалар кірді.

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті