jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев: «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз (видео)

12 тамыз 2017, 20:25

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті.

Ата-аналар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген болатын. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді. Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені «Алтын белгі» иегерлері. Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын. Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді. «Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз», — деді Ерлан Сағадиев.

https://youtu.be/00uWKYqiKww

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда