ҚР Парламенті Сенатында орта білім беру жүйесінің проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылы еліміздегі білім беру мазмұнын толығымен жаңарту процесі толықтай аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«2019 оқу жылынан 0-сыныпты енгізу 0+11 жоспарланып отыр. Бұл он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0-сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0-сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді дайындау жұмысы басталады», — деді ол.
Кейін министр Ерлан Сағадиев еліміздегі білім беру мазмұнына тоқталды.