jasqazaq.kz

Еркектер әйелінің көзіне неге шөп салады?

30 қазан 2018, 12:53


Бұл сұрақтарға қазақстандық ерлердің өзі жауап берді. «Өзге әйелмен жыныстық қатынасқа түсуді көзге шөп салу деп санамаймын. Жүріс жасау — бұл сатқындық деп саналады ғой, мәселен, отаныңды сатып кету деген сияқты ұғымдарға қолдануға болады.
365info.kz жазғандай, ал мен өз әйелімді сатқан жоқпын. Әйелім — менің досым, жолдасым, бауырым сияқты. Мен онымен сонау әскерден келген жылдардан бастап біргемін. Ол кезде әйелім педагогикалық училищені бітірген. Түрлі қиындықтарды бірге өткердік.Бірақ, ашыналарым көп болды. Әсіресе, ақшалы болып, үлкен жетістіктерге жеткен кездері. Достарыммен күн-түн демей саунаға барып, демалғанды жақсы көретінмін. Қыздар да болды. Қай жерге іссапарға барсам да, сол маңда үнемі барып тұратын «әйелім» болатын. Ондай әйелдердің санында шек жоқ еді.
Себебі әртүрлі әйелдермен төсектес болу ұнайды. Бірақ тұрақты ашына, тоқал деген менде жоқ. Ешқашан болмайды да. Әйелімді еш уақытта сатпаймын. Сондықтан, оның менің ашыналарым туралы білуіне жол бере алмаймын. Себебі әйеліме үлкен құрметпен қараймын. Ал үнемі бір әйелмен ғана төсектес болу маған қиындау», — дейді 44 жастағы Нұрлан есімді кәсіпкер.
Ал 22 жастағы Андрей жүріс жасамайтын ер адамның болмайтынына сенімді. «Мен қазір сіздерге көңіл-күйіңіздің быт-шытын шығаратын бір шындықты айтайын. Әйелінің көзіне шөп салмайтын ер адам болмайды. Бәрі жүріс жасайды.
Қазір болмаса да, кейін басқа әйелдерге баратын болады. Менің таныстарымның ішінде өзгеге көз салмайтын еркек жоқ. Себебі бұл біздің қанымызда бар нәрсе», — дейді ол. Жасы отызға келген Диас болса, ер адамдарда екі әйел болуы керек деген ойда. «Ер адамның екі әйелі болуы керек деп ойлаймын. Кейде екі әйелге рұқсат етілетін елде тұрмағаныма өкінемін. Қазір менің әйелім үй қызметшісі сияқты. Тамақ жасап, үй жинайды, балаларға қарайды.
Оған кейде дауыс көтере саламын. Ал көңілдес деген көңіл үшін. Екі жыл бойы көңілдесіме барып, уақытымды керемет өткіземін. Бірнеше аптада бір барамын. Ол мені қатты сағынып, мен үшін бәрін жасайды. Әдемі, белсенді. Ал әйелім болса, тіпті үшінші баладан соң өзін қалпына келтіре алмай әлек.
Өзін дамыту туралы айтпай-ақ қойса да болады. Кейде ашынамның алдында ұяламын. Қолымнан келсе, оған да үйленер едім», — дейді Диас.
Ал Сұлтан есімді 55 жастағы әскери зейнеткер болса, әйелінің көзіне өмірінде бір-ақ рет шөп салған соң, екінші рет ондай қадамға бармағанын айтады. Себебі ол бұл қылығына қатты ұялып, өмір бойы оған адал болып келгенін жеткізді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда