Қазақ эстрадасының қылықты да ерке әншісі Ерке Есмахан алғаш рет продюсердің көмегінсіз түсірген бейнебаянын халыққа ұсынды.
Есентаевадан еншісін алып, бөлініп шыққан Еркенің тырнақалды туындысы бұрынғыларына мүлдем ұқсамайды.
Махаббат тақырыбында түсірілген көңілді бейнебаян “Қайда?” деп аталады.
Бейнебаянда “Қайда?” деп Ерке өзінің өмірлік серігін іздейді. Болашақ жарын іздеп Алматы мен Астананы, одан қалса туған жері Ақтөбе мен Шымқаланы аралайды. Ал соңында бақытын өз үйінен табады. Бұл жерде Еркенің “бақытының” рөлін оның ұлы Мүсілім сомдайды.
Тыңдармандар Еркенің су жаңа туындысын жылы қабылдады.
“Ерекше клип”, “Жарайсың, өте керемет”, “Тек қана алға, халық не демейді, көріпкелдей сөйлейді. Олар сен жайлы ештеңе де білмейді”, “Не деген күшті өлең”, “Ерке, клип керемет, клип жақсы шыққан, неше түрлі образда жақсы түсірілген”, “Соңғы клиптері бір-біріне ұқсайтын еді тек ауылда жүрген, мына клип жақсы шығыпты”, – деп пікір білдірді олар.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.