Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер желідегілерді тамсандырды. Әншінің өзі де оның талантына тәнті болғанын айтып жатыр.
Күні кеше Ерке Есмахан жаңа бейнебаянына қатысты байқау жариялап, жеңімпазды анықтап та үлгерді. Аталған байқау барысында әншінің әніне пародия жасағандар көп болды. Енді, міне, танымал продюсер Тимур Балу да “Қайда” әнін орындап жұртты ерекше даусымен тамсандырды.
“Бейнебаянның шыққанына бір ай болды. Осының құрметіне жанды дауыста ән орындауды жөн көрдік. Балу ағай “Сарбаздардан қалмаймын” дейді. Ол кісі өзінің әнін, мен өзгенің әнін айтып тұрғандай күйдемін!” дейді Ерке Есмахан.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.