jasqazaq.kz

Ерке Есмахан желі қолданушыларымен ұрысып қалды

18 маусым 2017, 18:15

Ерке Есмахан өзін ашуландырған желі қолданушыларына жауап беріп, ұлына маза бермеген оқырмандарды ұрысып тастады. Айтуынша, жұртқа көрсетпесе де, жағдайы нашар отбасыларға көмектесіп жүр екен.

19121764_286068878470204_9026458085664751616_n

 

“Көптен бері біраз оқырмандарымды мазалап жүрген сұраққа, немесе маған тағатын міндеріне жауап берейін. Сіздер менің шетел асып қыдыратыныма, қымбат көлік, түрлі киіммен, жүрген жерімнің бәріне тиісіп, менің ақшамды санаудан шаршамайсыздар! Одан қалды, маған ұрысып “Неге осының орнына қайырымдылық жасамайсың, нан таба алмай отырған адам көп, өзіңді ойлай бермей бөліс” деп ақыл айтасыздар! Ол ақылдарыңыз дұрыс, әрине! Оны сіздерсіз-ақ білемін. Құдайға шүкір, ата-анамның тәрбиесіне мың алғыс айтамын! Енді айтарым “Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін” деген сөз бар! Көмектескен сәттерімді видео, суретпен “Ал, міне беріп жатырмын” деп жырқ-жырқ еткізіп инстаграмға сала берсем, не қасиеті қалады оның?!

Сондықтан айтарым, қиын xәлде жатқан адамдарға дәрімен де, азық-түлікпен де, ақша сұрағандарға да, киім сұрағандарға да, “выпускной” дегені тағы бар – барлығына қол ұшымды беруге тырысып, қолымнан келгенше жасап жүрмін! Сіздер күнде қаралап қоймаған соң, осыны жазуға мәжбүрледіңіздер! Ұлыма да жүрсе де, кисе де тиісіп қоймайсыздар! Ұлымды асырап отырған мен де анамын, естеріңізге сала кетейін! Шығармашылығым бар! Аспаннан мағанда ақша жауып жатқан жоқ! Сондықтан, не болса соны маған жазып, намысыма тиіп, ауыздарыңызға тек “оразада” емес, 12 ай бойы ие болсаңыздар жақсы болар едi! Аллаx сана, сабыр берсін! Несібелеріңіз мол болсын! Ораза қабыл болсын!” – дейді Ерке Есмахан. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда