Болашақ жарына іздеу салған Еркенің “Қайда?” атты әні 10 күннен бері ел аузынан түспеді. Бұл ретте Ерке Есмахан өзін табысқа жетелеген жаңа әнінің сырын ашты.
“Бұл ән бұрынғы әндерге ұқсамайды. Шамалы жастарға арналған. Ритмі басқа. Кішкене болса да менің шығармашылығымдағы жаңалық өлең болады деп ойлаймын.
Бейнебаянды да жаңаша түсірдік. Бұрынғыдай галөшпен, халатпен емес. Қазіргі сәннен қалмайық деп”, – деді Ерке НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.
Клиптегі кейіпкер Ерке шынайы өмірде де нағыз махаббатына іздеу салды.
“Өмірде шын сүйген адамымды кездестірсем, ол мені сүйіп тұрса, шын махаббат болса, мен барлығына да дайынмын”, – дейді Ерке.