jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Мендей болу керек емес. Менен де керемет болыңыздар

05 қантар 2024, 14:07

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жүрекжарды ойларымен бөлісті.
«Қайдан келеді осындай ой сіздерге? Мүсілім туғаннан анамның қолында болды. Тұрмысқа шыққан бойдан күйеуім айтты. Мүсілім бізбен тұрады деп. Қасымызға алдық. Міне, содан бақытты жанұя боп бір шаңырақтың астындамыз. Бұрын мені қандай анамын деген ой мазалайтын еді. Қазір екі ұлым жанымда, бақыттымын. Райм 11 жыл бөлек болған ана мен баланы қосты. Аллаға сансыз шүкір.
Мендей болу керек емес. Менен де керемет болыңыздар. Тек маған қарап емес, осы өмірдің әр жаратылысынан позитив алып жүріңіздер. Байқаймын көп нәрсені ауыр қабылдайтын, ештемеге көңілі тоймай, қалжыңды түсінбей, шаршап, тек мін іздеп отыратын оқырмандарым баршылық. Көбісі әйел адамдары. Қазақтың әдемі қыз келіншектері миды, ойды, жүректі жеңілдетіп, проблеманы Аллаға тапсырыңыздар. Бәрі оңынан шешіледі. Бәрін өзіңізден бастаңыз, айналаға негатив шашсаңыз, қуаныш, шаттық, махаббат жақсы сөз айтсаңыз, сол өзіңізге қайтып айналып келеді. Маған сеніңіздер. Бәрі жақсы болады.
Өзімді түсініп, өзімді табу үшін қаншама уақыт кетті. Менің басымнан өткен қиындықтарды ешкім біле бермейді. Барлығы тек жетістікке жеткен, күліп ойнап, молшылықта жүрген Ерке Есмаханды біледі.
Осыған қол жеткізу үшін мен көп жұмыс жасадым. Күрестім, оқыдым тоқыдым. Рухани жоғарылау үшін іздендім. Сыртқы келбетпен, ішкі жан дүниені ұштастыру керек. Бір сөзбен айтқанда, өзіңіз талпынсаңыз ғана нәтиже болады.
Бұрынғы Еркенің еркеліктері ерекше еді ғой, шіркін. Қазіргі Ерке артқа қарап ештеме деп айтқысы келмейді. Өйткені өткеніне көңілі тояды.
Ертеңгі Еркеннің не боларын бір Алла ғана біледі», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?