Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін алғаш рет күйеуі Раиммен қала аралап, концерт өткізіп жүр. Өнер иесі толық мүсінін сынаған көпшілікке жауап қайтарды.
Ерке Instagram-дағы парақшасында қазіргі қалпын қабылдауға рұқсат сұрады. «Қыздар, толық мүсінімді қабылдауға рұқсат беріңіздер. Өзіме ұнаймын. Күйеуіме ұнаймын. Басқа дым керек емес. Рианна екеуміз босанған кейінгі өмірге ризамыз», — деп жазды Ерке Есмахан.