jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Күйеуім қайырымдылық жасағанымызды айтқызбайды

03 сәуiр 2024, 12:05

Әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккендерге отбасының атынан көмек көрсетілгенін айтқан. Алайда әнші нақты қанша қаражат аударғанын айтуға күйеуі рұқсат бермейтінін жеткізді.

Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Қанша қаражат аударғанымызды көрсетіп, жариялап, айтуыма, жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қанша үлкенді-кішілі қайырымдылық, берген көмегімізді айтқызбады. Әрі қарай да «Айтып, жазбайсың» деген шарт қойды. Күйеуім «Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны» деген ұстаныммен жүреді. Мен жазғым-ақ келеді. Өйткені, сіздер бізді қол қусырып отыр деп ойламасын деймін. Онымен жолдасымның түсінігі басқа. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін. Біз де дәл сіздер сияқты халықпыз. Келесі жылы мемлекетіміз бұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын», – деп жазды Ерке Есмахан.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды