jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Кішкентай кезінде биттегендер бай болады…

06 тамыз 2024, 10:42

Танымал әнші Ерке Есмахан балалық шағында шашының жиі сіркелеп кететінін айтып, елді күлдірді. Өнер иесі бала күнінде шашын тақырлатып алып тастағанын әлеуметтік желіде айтты.

“Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке», – деп жазған Ерке Есмаханға оқырмандары түрлі реакция білдірген.
Тіпті бір оқырманы “тегін тазалап берейін” деп жазса, енді бірі “бастың сіркелеуі байлықтың белгісі” деп болжаған.
«И қасқа, кішкентай кезімде деп жаздым ғой. Тазалап берейін дегені несі, онымен қоймай тегін дей ме? Неге ондайсыздар? Алла, Алла», – деп жауап берді әнші.
Одан кейін «Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады екен. Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар», – деп жауап қалдырды өнер иесі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?