jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Ерекше сезімді бастан өткеріп жатырмыз

27 қараша 2023, 10:51


Ерке Есмахан екінші рет босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты. Ол бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті.
Өнер жұлдызы жағдайының бірқалыпты екенін, әлі перзентханадан шықпағанын айтты.
«Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз», — деп жазды әнші.
Бұнымен қоса әнші ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі екенін де тілге тиек етті. «Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі», — деді Ерке Есмахан. Оның сөзінше, жұбайы ұлына ерекше махаббатпен қарап жүр.
«Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар, иә? Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатыр», — деді ол.

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?