Ерке Есмахан: Депрессияны күтіп едім, келмеді

05 қантар, 11:25

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
— Босанған соң толыстыңыз ба?
— Иә, әрине. Босанған кезде бірден 10 келі салмақ кетті. Анау-мынау ештеме жоқ, шүкір. Өзім ай, өзім деп қоям. Қазір қатты арықтаудамын. Бұрынғы Ерке Есмахан боп келе жатырмын.
— Қырқынан шығардыңыз енді жұмысқа шығатын шығарсыз?
— Жылы жаққа бір демалып келеміз. Сосын жұмысқа кірісеміз. Бұйыртса, жаңалықтар күтіңіздер. Жоспарлар дайын тұр.
— Босанғаннан кейін депрессия болды ма?
— Айтпақшы, сол депрессияны күтіп едім, келмеді. Кішкентай бөпетай қасында тәтті иісі аңқып жатқанда ненің депрессиясы. Сондықтан сенбеңіздер, жаңа босанған аналар. Керісінше шүкір айтып, рахаттанып осы кезеңмен, өйткені қайтып айналып келмейді ғой.
— Жүктілік қалай өтті? Ауырып ондай дым болмады ма?
— Аллаға шүкір, дым болмады. Ауудар айналып өтті мені. Саяхат, ән шырқап, клип түсіп, ойнап күлумен 9 ай зу ете қалды. Сол үшін тағы қыз туам деп отырмын ғой. Әумин!
— Райм әке болған соң өзгерді ме? Сізге деген көзқарасы?
— Бұрыннан мейірімді жан ғой. Қазір тіпті ғажап. Раймдай әке жоқ шығар. Ислам бақытты бала осындай әкесі бар. Шүкір!
Ал маған 40 күн өткен соң қатты ғашықтық көзқараспен қарап жүр. Түсініп аларсыздар.
— Кітап оқып жүрсіз бе?
— Кітап оқуды үзбеймін. Түнде ғана жаңа кітаптар алу туралы әңгіме қозғап едік күйеуіммен. Ол да «Отец» деген Хабибтің әкесі туралы кітап оқуда. Мақсатымыз – «Быть лучшей версией себя».
— Қандай парфюм қолданасыз?
— Парфюм көп менде. Шығарда біреуін ғана сеппеймін, бірнешеуін араластырып себемін, мүлдем ешкімде жоқ иіс болады. Бұл секретім еді негізі, қолданып көріңіздер. Ұнап қалар.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу