jasqazaq.kz

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

18 шiлде 2017, 14:46

Ерке Есмахан “Жігіт ұсыныс жасаса, бас тартпас едім” деп отыр. Бірақ, өзгені ұзату туралы емес, өзінің ұзатылғысы келетіні туралы айтады. Нақтырақ айтсақ, Ерке Есмахан “Қайда” деп әндетіп жүріп өзінің сүйіктісін кездестіріп үлгерген екен.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Ұзын құлаққа сенсек, Ерке Есмаханның сүйіктісі Астана қаласында тұрады. Тіпті, жастар той туралы ақылдасып үлгерген екен. Десе де, әнші екінші тойында киер киімін әлі таңдамаған сыңайлы.

“Негізі екінші рет тұрмысқа шыққан кезде сәукеле киемін бе, кимеймін бе білмеймін. Өйткені, бірінші рет тұрмысқа шыққанымда түрлі көйлек киген болатынмын. Оның қандай ыңғайыссыз екенін жақсы білемін. Екінші рет тұрмысқа шыққанымда барлық жылтырақты тағу деген секілді болмайтын шығар. Өйткені, көйлек пен сәукеледе тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, адам бақытты болса болғаны. Әзірге тойым мен ұзатуымның қалай өтетінін елестетіп үлгерген жоқпын. Бірақ, Әсем Нұрсейітова әдемі сәукеле жасап берсе, неге кимеске?” – дейді Ерке Есмахан.

Сәнгер Әсем Нұрсейітова құрбысына арнап бір емес, бірнеше сәукеле әзірлеп беруге дайын екенін айтты.

“Еркенің өзінің ерекше талғамы бар. “Ерке, саған осы жарасады” деп айтқанмен, оған ұнамауы мүмкін. Сол себепті, Еркенің өзімен сөйлесіп, ақылдасып шешу керек. Өлең айтып тұрған кезінде Еркені аққуға ұқсатамын. Осыған орай, оған ақ түсті, қымбат тастар қолданылған, сапасы жоғары, әдемі сәукеле жасап беретін едім”, – дейді сәнгер.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда