jasqazaq.kz

Ерке Есмахан 12 миллион теңге тұратын сыйлығын көрсетті

07 наурыз 2024, 11:06

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде күйеуі сыйлаған ең қымбат бұйымын көрсетті. Өнер иесінің айтуынша, трендтен түспеген қымбат бұйымның түпнұсқасын әлемге атағы жайылған сылқымдар ғана ұстайтын көрінеді.

“Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды”, – деп жан сырын ақтарды әнші.

“Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы – деннің саулығы. Бірақ әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі”, – деп жазды эстрада жұлдызы.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?